Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі жанынан музей бұрышы ашылды
Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі жанынан музей бұрышы ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа музей бұрышының ең басты жәдігері - Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақ КСР-ның халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Орын Құлсариевтың қара шаңырағы - киіз үйі.
Орын Құлсариев - Маңғыстау өңірінің ғана емес, күллі қазақтың мақтанышы. Өз дәуірінде талай дүбірлі додада оза шауып, ел құрметіне бөленген туа біткен талант иесі еді.
Музей бұрышында қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдени мұрасын айшықтайтын көне жәдігерлер қойылған. Алдағы уақытта бұл қор жаңа экспонаттармен толығады.