Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Ақтау теңіз порты» АЭА экономикаға 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартты

«Ақтау теңіз порты» АЭА экономикаға 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартты

Маңғыстау облысында орналасқан «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) биыл өңірдің экономикалық өсіміне серпін беріп, 25 миллиард теңгеден астам инвестиция тартты, деп хабарлайды otpannews.kz.


2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында АЭА аумағына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 6,6 млрд теңгеге, ал жалпы инвестиция көлемі 25,1 млрд теңгеге жетті. Осы кезеңде аймақ кәсіпорындары 58,3 млрд теңгенің өнімін өндіріп, оның 108,9 млн теңге көлеміндегі бөлігі экспортқа шығарылған.


Өндірістің жандануымен бірге 3052 жаңа жұмыс орны ашылып, өңір тұрғындары үшін тұрақты табыс көзі қалыптасты.


Бүгінде АЭА аумағында 55 компания тіркелген. Оның 27-сі толық іске қосылған, ал 28 жоба жүзеге асырылу кезеңінде. Бұл жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, экономиканы әртараптандыру мен экспорттық бағытты күшейтуге жол ашып отыр.


АЭА құрылған сәттен бері аймақ экономикасына салынған инвестицияның жиынтық көлемі 362 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде 179,2 млрд теңге – шетелдік инвестициялар.


Мамандардың мәліметінше, бюджеттен бөлінген әрбір 1 теңгеге шаққанда 46,4 теңге жеке инвестиция тартылған. Ал 9,1 теңге салық түсімі қамтамасыз етілген.

101
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!