Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Түпқараған ауданында 112 өлі итбалық табылды

Түпқараған ауданында 112 өлі итбалық табылды

Түпқараған ауданында теңіз жағалауынан 112 өлі итбалықтың денесі табылды, деп жазады otpannews.kz сайты.


Облыстық балық инспекциясы басқармасының айтуынша, өлекселер қатты шіріп кеткендіктен (3–4-ші сатыда), жануарлардың ішкі органдары мен терісінен сынама алу мүмкін болмаған. Сондықтан тек итбалықтардың тістері мен тырнақтарынан ғана сынама алынған. Нәтижесі кейін белгілі болады.


Сондай-ақ облыстық экология департаментінің мамандары өлекселер табылған аймақтан су, ауа және топырақ сынамаларын жинады. Комиссия құрамына гидробиология институтының өкілдері де кірді.


Әлеуметтік желілерде кейбір итбалықтар балық аулау торларына оратылып қалған деген ақпарат тарады. Алайда бұл тор емес – олардың өз ішектері. Ішектері мойындарына оратылып қалғандықтан, адамдар оны тор деп ойлап қалуы мүмкін. Қазір мамандар өз жұмысын жалғастырып жатыр. Өлекселерді жинап, теңіз жағалауын толық тексеруде, – деді Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасының бас маманы Гүлнұр Абдиғалиева.


Ресми мәліметке сәйкес, итбалықтар екі аймақтан табылған:

• Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейінгі аралықта – 39 өлексe;

• Форт-Шевченкодан Баутино мүйісіне дейінгі аралықта – 73 өлексe.


Қазіргі уақытта өлі теңіз итбалықтарының денелері жиналып, арнайы полигонға апарып жойылды.

72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!