Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Аббат Өрісбаев мектеп қауіпсіздігіне жасанды интеллектіні енгізуді ұсынды

Аббат Өрісбаев мектеп қауіпсіздігіне жасанды интеллектіні енгізуді ұсынды

Ақтауда кәмелетке толмағандар арасындағы өзекті мәселелер талқыланған жиында облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев мектеп қауіпсіздігін арттыру үшін жасанды интеллект негізіндегі турникеттер орнатуды ұсынды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыс әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мектептегі буллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу, суицид жағдайлары, сондай-ақ ата-аналармен байланысты күшейту мәселелері қаралды. Кеңеске өңірлік басқарма басшылары, мәслихат депутаттары және комиссия мүшелері қатысты.


Аббат Өрісбаевтың айтуынша, соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы төбелес пен әлімжеттік фактілері көбейіп отыр. Сондықтан мектептерде қауіпсіздік шараларын жаңа деңгейге көтеру қажет.


Қазіргі заманда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тек күзетші мен бейнебақылауға сеніп отыру жеткіліксіз. Мектеп кіреберісіндегі турникеттерге жасанды интеллект құрылғыларын орнату қажет. Олар оқушының сөмкесіндегі қауіпті заттарды анықтап, дабыл береді. Бұл – тек қауіпсіздік емес, алдын алу шарасы. Мұндай жүйелер арқылы әр бала мектепке қорықпай, сеніммен келуге тиіс, - деді әкім орынбасары.


Жиын барысында сонымен қатар психологиялық қызметтерді дамыту, инспекторлардың жетіспеушілігі, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту секілді мәселелер де талқыланды.

110
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!