Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

МКД алаяқтықтық жағдайдың алдын алуға қатысты ескеру жасады

|
04.11.2025 11:04
МКД алаяқтықтық жағдайдың алдын алуға қатысты ескеру жасады
GOV.KZ

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жаңа алаяқтық схемалары туралы ескерту жасады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Департамент мәліметінше, алаяқтар өздерін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, салықтық есептіліктің (270-нысан) жоқ екендігін айтып, «айыппұл» салынатынын немесе есептілікті тапсырмағаны үшін «банктік шоттар жабылады» деп «ескерту» жасайды.

 

«Басқа алаяқтық тәсілдерге мессенджерлер (оның ішінде WhatsApp) арқылы Мемлекеттік кірістер комитеті немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығының атынан бизнес субъектілерінің қаржылық мониторинг, тексеру немесе өзге де бақылау тізімдеріне енгізілгені туралы хабарламалар жіберу жатады. Аталған хабарламалар – салық төлеушілерді шатастыруға, олардың жұмысына кедергі келтіруге және кей жағдайларда бопсалауға бағытталған алаяқтық әрекеттердің көрінісі болып табылады», - деп жазылған мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.

 

Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерді тек төмендегі ресми арналар арқылы ғана ақпараттандыратынын назарға салып отыр:

 

- eGov.kz және/немесе kgd.gov.kz порталдарындағы Салық төлеушінің кабинеті арқылы;

- Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ресми хаттармен;

- Расталған (верификацияланған) ресми әлеуметтік желілер мен мессенджердегі аккаунттар арқылы;

- Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (ЕПИР ГО) gov.kz ресми интернет-ресурсында жарияланған баспасөз хабарламалары мен хабарландырулар арқылы;

- Байланыс орталығының 1414 нөмірлі жедел желісі арқылы.

 

Айта кететін жайт, белгісіз нөмірлерден келіп түскен, тексеріс жүргізу, қаржылық мониторинг тізімдеріне енгізу туралы қорқыту сипатындағы хабарламалар, сондай-ақ «Комитет өкілдерімен» хабарласуды, декларация тапсырмау мәселесін шешуді немесе банктік шоттарды бұғаттаудан «құтқару» үшін «көмек» көрсетуді сұрайтын өтініштер – алаяқтық әрекеттер болып саналады. Сондықтан мұндай жағдайда сақ болуы аса маңызды!

 

«Мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілерге электрондық пошта, WhatsApp және Telegram арқылы хабарлама таратылмайды, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ешқашан кодтар, ЭЦҚ немесе жеке деректерді сұрамайды. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды сақ болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша қаражатын аудармауға, алынған хабарламалардың шынайылығын тексеруге және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады», - деді депаратмент тарапы.

 

Осы орайда жауапты департамент өзіңіздің салықтық және қаржылық қызметі туралы ақпаратты тек ресми көздерден алуды ұмытауды ескертеді. 

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!