Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Тәлімгер» жобасы. Мектепте техника жеткілікті, ал мұғалім дайын ба?

|
04.11.2025 09:53
«Тәлімгер» жобасы. Мектепте техника жеткілікті, ал мұғалім дайын ба?

Бүгін білімдегі басты сауал – «мектептерде технология жеткілікті ме?» емес, «мұғалім оны оқулық секілді оңай қолдана ала ма?». Жасанды интеллект ғажайып нәрсе болудан қалып, мұғалімнің орнын баспайтын, керісінше, оның жұмысын жеңілдететін құралға айналып келеді.


Маңғыстау облысында Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Мұнайлы және Түпқараған аудандарынан 60 мұғалім төрт күндік «Педагог және ЖИ: цифрлық оқытудың заманауи құралдары» атты тренингтен өтті.


Ұйымдастырушылар: Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының «Тәлімгер» білім беру жобасы, NNEF қоғамдық қоры және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдады.


ЖИ – бәсекелес емес, мұғалімнің көмекші құралы


Бағдарламаның мақсаты – мұғалімдерді ChatGPT, Canva, EducaPlay, Gamma AI және басқа сервистермен таныстыру ғана емес, солардың көмегімен қалай:


  • сабаққа дайындалу уақытын үнемдеуге,
  • көрнекі етуге,
  • визуал және ойын әдістері арқылы оқушыны қызықтыруға,
  • тапсырманы әр баланың деңгейіне икемдеуге болатынын нақты көрсету.


«Жасанды интеллект – қауіп емес, педагогтың көмекшісі. Ол жұмысты жылдамырақ әрі тиімдірек орындауға, оқыту процесін оқушылар үшін қызық етуге мүмкіндік береді», – деді NNEF ҚҚ білім беру бөлімінің жетекшісі Мария Ковжасарова.


Дәріс емес, тәжірибе


Бағдарлама 20 сағаттық тәжірибелік модульдерден тұрды. Педагогтар:


  • автоматты тексерісі бар тесттер мен тапсырмалар құруды,
  • инфографика мен қысқа видео дайындауды,
  • визуал ЖИ-сервистермен жұмыс істеуді,
  • сабақта ойын әдістерін қолдануды,
  • ChatGPT қолдауымен сабақ жобалауды үйренді.


«ЖИ барын білу аздық етеді. Оны өз мектебіңде, өз тіліңде, оқушымен жұмыста қолдана білу маңызды», – дейді «Мирас» халықаралық мектебінің (Алматы) ұстазы Ерлан Керімбай.


Мұғалімдердің пікірі қандай?


«Күрделі тақырыптың өзін инфографика мен қысқа видеомен түсіндіруге болады. Бұрын сағаттар кетсе, қазір бірнеше минут қана қажет», – Айтбибі Бекова, №14 орта мектеп, Басықұдық ауылы.


«Жасанды интеллект теория күйінде қалмады, мектептерге енгізіліп жатыр. Бұл – Президент Тоқаев айтқан бағыт, бүгінде оның білім беруде іске асып жатқанын көріп отырмыз», – деп санайды Жансая Молдажанова, Маңғыстау облысы ББ әдістемелік орталығы.


«Тәлімгер»: инфрақұрылымға ғана емес, құзыретке де салынған инвестиция


Тренинг Тимур Құлыбаевтың Halyk қорының асыратын «Тәлімгер» білім беру бағдарламасы аясында NNEF қоғамдық қорының қолдауымен өтті. Бағдарлама өңірлердегі педагогтердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруға басымдық береді. Бұл – жеке бастама инфрақұрылым салудан бұрын, адам құзыретін дамытуға бағытталған үлгі.


Тимур Құлыбаев – қысқа мерзімді жобалардан гөрі адам капиталына тұрақты инвестиция салып жүрген қазақстандық бизнес көшбасшыларының бірі. Білім саласында бұл айқын көрінеді: «мектепке сыйлық» жасай салудан гөрі, жүйені түбегейлі өзгертетін мұғалімді даярлау маңызды.


Бұл – қазіргі филантропиядағы жаңа фокус: ғимарат пен жабдыққа емес, болашақ ұрпаққа салынған инвестиция.


Алға қадам жасап, тереңге бойлау


Қатысушылар сертификатпен ғана емес, «мұғалім мен ЖИ – қарсылас емес, әріптес» болатын жаңа педагогикалық ахуалға лайық нақты құралдар жиынтығымен оралды. NNEF пен «Тәлімгер» мұндай тренингтерді ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ондағы мақсат – мұғалім технологияны сенімді меңгерген, ал оқушы уақытына сай білім алатын цифрлық білім экожүйесін қалыптастыру.


Білім додасында технологияны пайдаланған емес, оны ұтымды қолданған ғана жеңіске жетеді. Сондықтан цифрлық снып емес, цифрлық мұғалім әлдеқайда маңызды. 

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!