“Құрақ пен шашақ үндестігі“: Шымылдықтың өткені мен бүгіні
Құрақ көрпе мен шашақ бау – қазақ қолөнерінің ерекше бұйымдары. Аса шеберлік пен ұқыптылықты қажет ететін өнер – сан ғасыр бойы жалғасып келеді. Бүгінгі фестивальде құрақ пен шашақты қатар астастырып, көпшілікке ұсынылған ұлттық қолөнер бұйымдары арасында шымылдық та бар, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Қазақ халқының салт-дәстүрінде шымылдықтың да атқаратын рөлі зор. Ол – жай ғана мата кесіндісі емес, ол –әдептің, отбасы киесінің және жаңа өмірдің символы. Бұл жәдігер ғасырлар бойы қазақ шаңырағының ажырамас бөлігіне айналды. Ұлтымызда шымылдық – жастарды тіл мен көзден сақтайды деген сенім бар.
«Жастар үйленіп, отау құрғанда қызыл шымылдық ұстау қажет. Ертеде жастарға – қызыл, ал дүниеден өткендерге – ақ шымылдық ұстаған. Бүгінде қызыл шымылдықты ұзатылған қызға, ал ақты – түскен келінге ұстайды. Бірақ үйінде қариясы бар отбасылар мұны құптамайды»,- деді Қарақия ауданыран келген шебер Гүлбаршын Манашева.
Сондай-ақ тігінші шымылдықағы әр ою мен суреттің мән-мағынасын түсіндірді. Оның айтуынша, жүректі бейнелеген қос аққу – пәк сезім мен адал махаббаттың символы.
“Шымылдықтағы қыз бен жігіт – жас жұбайдың белгісі, ал бесік – оларды өсіп өнсін деген тілек, ұстасқан қол – мәңгі бір болып, тату жүрсін деген мағына. Ал бойтұмар – тіл-көзден аман жүрсін дегенді білдіреді”,- деді қолөнерші Гүлбаршын Манашева.