Otpan News Logo

Ақтауда мектеп бітіруші түлектер ағаш екті

Ақтауда мектеп бітіруші түлектер ағаш екті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №34 жалпы білім беретін орта мектептің биылғы түлектері мектеп ауласына тал екті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Акция басталмас бұрын мектептің талантты оқушылары мен ұстаздары дайындаған мерекелік бағдарлама өтті. Түлектердің игі бастамасын Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева да қолдап, тал екті.


«Бұл жұмыс - Таза Қазақстанға жетудің негізгі бастамасы. Әрбір перзент туған жерін таза ұстауға міндетті. Көшет отырғызып жатқан оқушылар - №34 жалпы білім беретін орта мектептің алғашқы түлектері. Бұл ағаш өсіп, мектептің көркіне айналады деп ойлаймын. Бүгінгі еккен талдарың мәуелі ағаш болсын. Оқушыларымыздың бастамасын қолдаймыз»,- деді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева.


Шараның басты мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау және мектепке деген сүйіспеншілікті арттыру. Жаңадан ашылған білім ордасының алғашқы түлектері үшін бұл күн тек қоштасу емес, мектеп тарихында өшпес із қалдыру сәті болды. 


«Жаңа ашылған білім ордасының алғашқы түлегі болу - біз үшін үлкен мақтаныш. Мектептен тек білім ғана емес, өмірлік тәжірбие, бағыт-бағдар, ұстаздардан тәлім-тәрбие алдық. Бүгінгі ағаш егу рәсімі - мектепке деген алғысымыздың белгісі. Бәріміз жұмылып еккен әрбір тал - біздің естелігіміз, жүрегіміздің бір бөлшегі. Уақыт өте бұл көшеттер үлкен ағашқа айналғанда, біз де өз жолымызды тауып, елге қызмет ететін азамат боламыз деп сенеміз» ,- деді 11 «а» сынып оқушысы Ырысбек Дүшемғалиев.
60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!