Otpan News Logo

Ақтауда “Құрақ пен шашақ үндестігі” фестивалі басталды

|
16.04.2026 11:44
Ақтауда “Құрақ пен шашақ үндестігі” фестивалі басталды

Ақтауда ұлттық өнер мен құндылықты ұштастырған “Құрақ пен шашақ үндестігі” фестивалі басталды. Оған Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан арнайы келген делегация қатысуда, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен 24 шебер қатысып жатыр. Екі күнге жалғасатын бұл іс-шарада 13 құрақ, 11 шашақ шебері бақ сынайды. Байқау форматында ұйымдастырылған фестиваль 2018 жылдан бері жалғасын тауып келеді. 


“Бұл фестиваль осыған дейін «Сән Құрақ Fest» фестивалі атауымен өтіп келді. Басты мақсатымыз – ұлттық қол өнермен айналысатын қыз-келіншектерді, кәсіпке баулу. Сондай-ақ ұлттық қолөнерімізді жаңғыртып, ұрпақтан ұрпаққа мұра етуді көздейміз”,- деді Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Пания Сармурзина. 


Фестивальға құрақ пен шашақ өнерінің қыр-сырын меңгеріп, кәсіпкк айналдырған кәсіпкер қыз-келіншектер мен аналар қатысуда. Ақтаулық Балия Капарбаева – 2016 жылдан бері құрақ өнерімен айналысып келеді. Төл өнерді заманауи стильмен ұштастырған шебер шет елдерлен мата мен жабдықтарын тапсырыс беріп, әлемдік бренд стилінде көрпе тігеді. 


“Елімізде мата өнідірісі – кенже қалған салалардың бірі. Сондықтан құрақ бағасы қымбат келеді. Ал мына “Hermes” стиліндегі көрпешелердің бағасы – одан да жоғары. Бірақ мұндағы әр принттің де өзіндік мағынасы бар. Көбіне бұл көрпешелер қыз жасауына арналып тігіледі”,- деді 2025 жылғы “Сән Құрақ Fest” байқауының бас жүлде иегері. 


Айта кетейік, байқау аясында арнайы шеберлік сағаттары да ұйымдастырылады. 

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!