Otpan News Logo

Маңғыстаулық жас ғалым Президент қолынан марапат алды

|
13.04.2026 10:01
Маңғыстаулық жас ғалым Президент қолынан марапат алды

Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының тумасы, жас ғалым Дидар Батрышев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Дидар Ғалымұлы – ғылым саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған білікті маман. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын ғылыми-зерттеу саласында бастап, әр жылдары жетекші ғылыми және басқарушылық қызметтерді абыроймен атқарды.


Ол қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті қызметін атқарып келеді.


Ғалымның негізгі ғылыми бағыттары – нанотехнология, наноматериалдар, кванттық есептеулер және плазмалық зерттеулер. Ол - басқарылатын термоядролық синтез мәселесін шешуге бағытталған бірегей ғылыми әдістің авторы.


Халықаралық деңгейде де белсенді жұмыс істеп, Еуропа, АҚШ, Азия және ТМД елдерінің жетекші ғалымдарымен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырып келеді.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!