Otpan News Logo

«Сәуір жаңбыры ана болу бақытын сыйлай ма?»

«Сәуір жаңбыры ана болу бақытын сыйлай ма?»
ашық дереккөзден

Сәуір жаңбырын балалы бола алмай жүрген әйел ішсе, жаратқанның құдіретімен перзент сүйеді дейді. Көнекөз қариялар бұл уақытта көктен нұр емес, береке тамшылайды деп сәуір жаңбырын "рақмет жаңбыры" деп атаған. Биологиялық тұрғыдан алсақ, көктемгі жаңбырдан кейінгі таза ауа мен жақсы көңіл-күй әйел адамның денсаулығына оң әсер ететіні сөзсіз. Ал ниет пен сенім - кез келген дерттің емі. "Ниетің жолдасың болсын" деген қазақ сәуір жаңбырынан үміт етіп, ақ тілекпен ішкен судың киесіне сенген. Дертіме дауа болсын деп сәуір жаңбырын ішу үшін ыдысты биікке қояды. Жаңбыр ыдысқа тіке түсуі керек. Міне, сол суды ішіп, жақсылыққа ниет етеді.


Ел арасында сәуір жаңбыры қояншық ауруына ем, түрлі дерттің шипасы екені жиі айтылады. Жыланның уы, балықтың інжуі, тіпті бал арасының балы да осы жаңбыр суынан пайда болады екен. Сәуір жаңбырымен ұйытылған айран жақсы, осы жаңбырмен суланган киім шірімейді, шашқа тисе шаш түспейді деп айтады.


Экологтар сәуір жаңбырының табиғатты тазартатынын жоққа шығармайды. Ол қыстан қалған микроптарды жойып, жерді бусандырып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасайды.


Сәуір жаңбырының шипалы екеніне сену - халықтық дәстүр мен сенімге негізделген, ал оның экологиялық тазалығы табиғи құбылыс. Алайда, оны медициналық ем ретінде емес, таза табиғи су ретінде қабылдаған жөн.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!