Маңғыстауда ғашықтар күні некені тіркеуге 15 өтініш түсті
15 сәуір Қозы Көрпеш - Баян сұлу күнінде Маңғыстау облысы бойынша АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 15 өтініш түсті, деп хабарлайды otpannews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Маңғыстаудағы филиалының хабарлауынша, некеге тұратындардың саны бойынша Ақтау және Жаңаөзен қалалары, Мұнайлы ауданы көш бастап тұр.
Биыл І тоқсанда Маңғыстау облысында 803 неке тіркелді.
Айта кетейік, неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн форматта беруге болады. Мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Маңғыстау облысы бойынша АХАТ басқармасы Ақтау қаласы 34-шағын аудан, 9-ғимарат «Достық үйі» жанында орналасқан.
Қала және аудандық бөлімдердің мекен-жайы төмендегідей:
АХАТ бөлімдерінің мекенжайлары:
• Ақтау қаласы – 34 ш/а, 9 ғимарат, «Достық үйі»
• Жаңаөзен қаласы – Сәтбаев көшесі, 1А, «Неке сарайы»
• Мұнайлы ауданы – Маңғыстау селосы, 24-квартал, 10/3
• Қарақия ауданы – Құрық селосы, Сәтбаев көшесі, 209
• Маңғыстау ауданы – Шетпе селосы, Орталық көшесі, 46
• Түпқараған ауданы – Форт-Шевченко қаласы, Н. Ондасынов көшесі, 51
• Бейнеу ауданы – Бейнеу селосы, Қосай Ата көшесі, 4/6