Otpan News Logo

Барар жеріне жете алмай далада үсіп өлген "Бесқонақ" туралы не білеміз?

Барар жеріне жете алмай далада үсіп өлген "Бесқонақ" туралы не білеміз?
ашық дереккөзден

 Халқымыз "Бесқонақ" деп атау берген көктем мезгіліндегі ызғар туралы аңызды естідіңіз бе?


Ерте заманда бес қонақ көктем мезгілі келгенде жолға шығып, бір ауылға қонаққа бара жатады. Күн жылы болғандықтан, олар жеңіл киініп шыққан екен. Кенеттен ауа райы бұзылып, қатты боран басталады. Қонақтар барар жеріне жете алмай, далада үсіп өлген деседі. Содан бері бұл бес күн «Бесқонақ» деп аталып кеткен.


Күн жылып, халық «көктем келді» деп арқаны кеңге салғанда, кенеттен боран соғып, қар аралас жаңбыр жауып, күн суытып кетеді. Бұл ауа-райы қыстан бетер болып, адамдар ауырып та жатады. Халық арасында бұл күндерді «Бесқонақ- мал-жанға азап» деген. Қазақ халқы «бесқонақ сәуірдің сегізіне кіріп, он сегізіне шығады» деп есептеген.


Бесқонақ өтпейінше, өздері жылы киініп, малды алыс жайылымға шығармаған, өйткені кенеттен келген боран малдың қырылуына себеп болуы мүмкін. «Бесқонақтан сақтансаң, белесіңнен асарсың» деген сөз осыдан қалған деседі.


Халық арасында «бесқонақта қар жауса немесе жаңбыр жауса – жаз берекелі болады» деген түсінік кең тараған. Мұндай жағдайда жер ылғалданып, көктемгі өсімдік жақсы көктейді, жайылым шөбі мол шығады деп есептелген. Сондықтан бұл күндері жауған жауын-шашынды халық көбіне жақсылықтың нышаны ретінде қабылдаған. Ал егер бесқонақ тым тыныш өтіп, күн райы өзгермей жылы болса, оны алаңдататын белгі деп қараған. Адамдар мұндай жағдайда жаз айлары қуаң болып, жауын-шашын аз болуы мүмкін деп болжаған.

12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!