109 Бірыңғай байланыс орталығы: халық пен билік арасындағы тиімді көпір
109 Бірыңғай байланыс орталығы – халық пен билік арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, әлеуметтік бағыт пен басқа да маңызды салалар бойынша өтінімдерді тәулік бойы қабылдап, анықтамалық, ақпараттық көмек ұсынады.
Күн сайын орта есеппен Маңғыстау облысы тұрғындарынан 120-170 түрлі деңгейдегі өтінімдер қабылданады.
2025 жылы 109 Бірыңғай байланыс орталығына 43 206 өтінім тіркелген. 2024 жыллмен салыстырғанда (42 367) өсім 2 пайызды құрады.
Арыздардың 80-нен астам пайызы тұрғын үй коммуналдық саласына тиесілі.
Маңғыстаулықтардың ең жиі көтеретін 10 мәселесі келесідей:
*Бұдан басқа ауланы абаттандыру, балалар алаңы, қоғамдық көлік пен ашық құдық қақпақтарының мәселесі де өткір тұр.
Өткен жыл қорытындысы бойынша ең көп шағым шілде айында тіркелген – 5108. Ең аз өтініш ақпан айында – 2647.
Айта кетерлігі, 2026 жыл басынан бастап қазіргі күнге дейін 10 704 өтінім тіркелген.
Маңғыстау облысы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін бірнеше байланысу арналары әзірленген. Олардың арасында 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу ең көп сұранысқа ие.
Жалпы, 109 орталығының жұмыс алгоритмін қысқаша түсіндіре кетейін.
1. Тұрғын 109-нөміріне хабарласады, оператор шағымды тіркейді. Әр өтінімге Комек-109 жүйесінде арнайы карточка ашылады.
2. Өтінім жауапты мекемеге (әкімдік, мемлекеттік немесе коммуналдық ұйымға) жіберіледі. Олар шағымды орындап, карточканы жабады.
3. 109 операторы тұрғынға хабарласып, кері байланыс орнату арқылы жауабын беріп, өтініштің қаншалықты сапалы орындалғанын тексереді.
109 орталығының пайдасы:
- ЖЭК, ПИК, әкімдік секілді мекемелердің нөмірлерін жаттау міндетті емес, жай ғана 109-нөмірін терсеңіз болғаны. Есте сақтауға да ыңғайлы.
- Тәулік бойы, үзіліссіз, демалыссыз жұмыс жасайды және көп каналды байланыс арнасы.
- Өтінім ешқашан ескерусіз қалмайды, жүйеге енгізіліп, тірек нөмірі бекітіледі.
- Әр қоңырау аудиоға жазылады.
- Тұрақты бақылау және кері байланыс.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.10.2025 жылғы №215 «109 Бірыңғай байланыс орталығының жергілікті атқарушы органдары және коммуналдық қызметтерімен өзара іс-қимыл Регламентін бекіту туралы» Қаулысы қабылданды. Бұл өз кезегінде мемлекет басшысының «Естуші үкімет» қағидатына сай қабылданған шешім.
Біздің негізгі мақсатымыз, 109 бірыңғай байланыс орталығын тұрғындар үшін тиімді, пайдалы құралға айналдыру. Осы тұрғыда қадірлі БАҚ өкілдері Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін аса маңызды.
Назарларыңызға рахмет.