Otpan News Logo

Ақтауда тегін заң көмегі акциясы өтеді

|
16.04.2026 10:48
Ақтауда тегін заң көмегі акциясы өтеді

Ақтау қаласында 17 сәуір күні тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беретін акция өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға заң аясында қолдау көрсету. 


Іс-шараны Маңғыстау облысының Әділет департаменті өткізеді. Акцияда азаматтар өздерін толғандырған құқықтық мәселе бойынша білікті мамандардан кеңес ала алады. 


Тегін заң көмегі акциясы сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында (15-шағынаудан, 67 «Б» ғимараты) өтеді.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!