Otpan News Logo

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті Нипах вирусына қатысты ресми мәлімдеме жасады

|
26.01.2026 15:56
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті Нипах вирусына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру немесе оны ел аумағына сырттан әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және медициналық қызметтердің бақылауында, деп хабарлайды otpannews.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап. 


Министрліктің 2026 жылғы 26 қаңтардағы мәліметінше, Үндістандағы Нипах вирусына байланысты алдын алу шаралары ретінде мемлекеттік шекараның барлық өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.


«Ауру тіркелген Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келетін тұлғаларға ерекше назар аударылуда. Бұл инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады»,- деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.


Сонымен қатар инфекция анықталған жағдайда медициналық ұйымдар сақадай сай екенін айтты. Шұғыл медициналық көмек бригадалары мен инфекциялық стационарлардың дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттар, жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекциялау құралдарының артық қоры қалыптастырылды.


«Инфекцияның таралуын алдын алу үшін эндемиялық елдерге сапарға шығатын адамдарға жеке профилактика шараларын сақтауы ұсынылады. Оралғаннан кейін ауру белгілері пайда болған жағдайда, дәрігерге болған елі туралы хабарлай отырып, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет», - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігінде.


Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамға жануарлардан – атап айтқанда, жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғанда беріледі. Ластанған тамақ өнімдері мен сусындар арқылы берілуі мүмкін.


Ауру жоғары температурамен, бас ауруымен, жалпы әлсіздікпен, ал ауыр жағдайларда – орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен және пневмонияның дамуымен қатар жүруі мүмкін.


Нипах вирусына қарсы ерекше емдеу және мақұлданған вакцина бүгінгі таңда жоқ. Медициналық көмек симптоматикалық сипатта болады.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!