Otpan News Logo

Ақтаулық әскерилер волейболдан аймақ чемпионы атанды

|
26.01.2026 16:49
Ақтаулық әскерилер волейболдан аймақ чемпионы атанды

Ақтөбеде 20-23 қаңтар күндері аралағында волейболдан ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Дәстүрлі додаға өңірге қарасты алты әскери бөлімнен 50-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.


Үш күнге созылған жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жарыс тартысқа толы болды. Әр команданың ойыншылары жеңіс үшін барын салып, алаңда шынайы спорттық мінез бен жауынгерлік рух көрсете білді.  


Жарысты ұйымдастырушы, подполковник Бахтияр Қалдыбековтің айтуынша, мұндай спорттық шаралар әскери қызметшілердің физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, бөлімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып отыр.


Жарыс қорытындысы бойынша Ақтау қаласынан келген 6656 әскери бөлімінің командасы қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Екінші орынды Орал қаласының 5517 әскери бөлімінің спортшылары иеленсе, жүлделі үшінші орын жергілікті Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімінің командасына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталып, үздік ойыншыларға алғыс айтылды. Бұл жарыс ұландықтар арасындағы бұқаралық спортты дамытуға серпін берген маңызды дода болды.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!