Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттады

|
09.07.2025 10:33
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттады
Egemen.kz

Еліміздің қаржы министрлігінің 30 маусымдағы бұйрығымен темекі өнімдеріне арналған минималды бөлшек сауда бағасы қайта бекітілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жаңа баға мөлшері бойынша 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін бір қорап темекінің ең төменгі баға 920 теңгені құрамақ. Сондай-ақ, 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап төменгі баға көлемі 970 теңге болып белгіленіп отыр. 


Салыстырмалы түрде бұрын бұл баға мөлшері 820 теңге болған еді. Ал 2026 жылдан бастап 870 теңге болады деп жоспарланған болатын. Алайда жаңа өзгерістер бойынша бұл көрсеткіш те жоғарылаған. 


Айта кететін жайт, аталған өзгерістер темекі өнімдерінің айналымын бақылау және тұтыну көлемін реттеу мақсатында енгізілген көрінеді.

231
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!