Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанда жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

Қазақстанда жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды
Егемен Қазақстан

2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 420 мың теңгеге жетті. Кей өңірлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары болса, басқа аймақтарда керісінше төмен болып тұр, деп хабарлайды otpannews.kz. 


ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ең жоғары жалақысы бар өңірлер:

1. Маңғыстау облысы – 575,1 мың теңге (орташа елдік деңгейден 36,6% жоғары);

2. Ұлытау облысы – 549,3 мың теңге;

3. Атырау облысы – 544,7 мың теңге;

4. Астана қаласы – 528,1 мың теңге;

5. Алматы қаласы – 497,5 мың теңге.


Ал ең төмен жалақы төленетін облыстардың үштігі:

• Шымкент – 315 мың теңге;

• Жамбыл және Түркістан облыстары – 341,8 мың теңге.


Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан қалаларында жалақы ауылдарға қарағанда орташа есеппен 23,4%-ға жоғары болды. 


Ауылдарда ең жоғары жалақы төленетін өңірлер:

• Атырау облысы – 631,6 мың теңге;

• Маңғыстау облысы – 421,7 мың теңге;

• Қарағанды облысы – 418,3 мың теңге.


Ал қалалар мен ауылдар арасындағы айырмашылығы айтарлықтай өңірлер:

• Маңғыстау облысы: қалалар – 698,4 мың теңге, бұл ауылдарға қарағанда 65,6% жоғары;

• Ұлытау облысы – 580,7 мың теңге (44,3% жоғары);

• Батыс Қазақстан облысы – 36,3% жоғары;

• Шығыс Қазақстан облысы – 22,5% жоғары.

87
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!