Бекжан Тұрыс: Ақтау қаласы – еркіндік пен рухтың мекені
Гүлмира Аманжолқызы
|
11.09.2025 17:48

Ақтау қаласына гастрольдік сапарымен келген Әуезов театрының белгілі әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс шаһарға қатысты өз ойын бөлісті. Өнер иесі өзінің Facebook парақшасында Каспий жағасындағы қаланың табиғаты мен тұрғындарына ерекше баға берді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Туған жерің болмаса да, кей мекен жүрегіңе жақын болып тұрады. Мен үшін сондай мекеннің бірі – Каспийдің жағасындағы алып шаһар Ақтау қаласы. Бір ұшы – теңіз, бір ұшы – даламен шектескен осы ғажап мекеннің тұрғындарынан, яғни маңғыстаулықтардың мінезінен даланың кеңдігі мен теңіздің тереңдігін аңғаруға болады. Бұл жер тек ерекше табиғатымен ғана емес, адамдарының өзгеше мінезімен, салт-дәстүрге деген құрметімен де бөлек. Қазақылық – бұл жерде жай ұғым емес, бұл – тіршілік салты. Ұлттық сана – бұл жердің рухани тірегі. Маңғыстаудың шөлі де, тасты даласы да, қарт Каспийдің сұр толқыны да – бәрі бір-бір тарих, барлығы шежіре боп сөйлейді. Бұл далада тек құм емес, уақыт көшеді, ұрпақ алмасады, бірақ қазақтың ділі өзгермейді. Бұл – еркіндік пен рухтың мекені. Сонысымен жанға жақын, - деп жазды актер.
96

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев