Otpan News Logo

Бейнеуде жаңа кірпіш зауыты іске қосылды

Бейнеуде жаңа кірпіш зауыты іске қосылды

Бейнеу ауылында жаңа кірпіш зауыты «Тоғыс-Аралотын» ЖШС филиалының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға аудан әкімі Рахымжан Шалбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ардақ Бораш, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шайхы Азанов, қоғамдық кеңес төрағасы Құлбек Медетов сондай-ақ мекеме және кәсіпорын басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.


Салтанатты шарада аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына толық сәйкес іске асырылып келеді.


Аудан басшысы өз сөзінде жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Соның нақты дәлелі ретінде іске қосылған кірпіш зауытын атап өтіп, бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құруға, құрылыс саласының дамуына және аудан экономикасын әртараптандыруға елеулі үлес қосатынын айтты. Сондай-ақ негізгі мақсат – аудан экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру екеніне тоқталды.


Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен қоғамдық кеңес төрағасы да сөз сөйлеп, жаңа бастамаға сәттілік тіледі. Ал филиал директоры Жеңіс Ермеков зауыттың жұмыс барысымен таныстырып, өндірістік мүмкіндіктері туралы баяндады.


Зауыт жылына 2 миллион дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінде кәсіпорын 1,2 миллион дана кірпіш өндіріп, өнімдерін жергілікті нарыққа және еліміздің өзге өңірлеріне жеткізуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап зауыт жылына 180 мың дана құмблок өндіруді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде қосымша 10 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!