Otpan News Logo

Ақтауда бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды

Ақтауда бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды

Ақтауда «Жүйелі даму – нақты нәтиже – жаңа кезең» тақырыбында бұқаралық спортты қолдауға арналған көпшілік тыңдау өтті. Іс-шараны Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жиынға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен мекеме басшылары, сондай-ақ өңір тұрғындары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бұқаралық спорттың қоғамдағы маңызын атап өтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.


Бүгінгі жиында өңір спортының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар бас қосты. Біздің ортақ мақсатымыз - салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. Маңғыстаулық спортшылардың жетістіктері - елдің жеңісі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрдайым қолдаймыз, - деді Аббат Өрісбаев.


Тыңдау барысында өңірдегі бұқаралық және жоғары жетістіктер спортының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қарастырылды. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымын жетілдіру, жастарды спортқа тарту, 18 жасқа дейінгі спортшыларды даярлау жүйесін күшейту мәселелері көтерілді.


Сондай-ақ спортшыларды медициналық сүйемелдеу, дұрыс тамақтану, қалпына келу үдерістері мен витамин тапшылығының алдын алу бағыттары талқыланды.


Кездесу барысында депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!