Otpan News Logo

«Алға» мүгедектер спорт клубының спортшылары таңдау жасады

|
15.03.2026 16:48
«Алға» мүгедектер спорт клубының спортшылары таңдау жасады

Бүгін, ҚР волейболды отырып ойнаудан Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы, «Алға» мүгедектер спорт клубының төрағасы Сейдов Құралбек «Алға» спорт клубының спортшысы Асылбек Қапарбаевпен референдумға барып, дауыс берді. 


Спортта үлкен жетістіктерге жетіп жүрген паралимпиадашылар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумға қатысу арқылы қоғамдағы әр азаматтың пікірі маңызды екенін көрсетті.

Спортшылардың айтуынша, мемлекеттегі өзгерістер мен жаңа бастамалар спорт саласының дамуына да оң әсерін тигізеді.

 

- Еліміздің дамуына қатысты әрбір өзгеріс маңызды деп есептеймін. Әсіресе, паралимпиадашыларға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спортты дамыту, инклюзивті ортаны қалыптастыру маңызды болып отыр, - дейді Құралбек Сейдов. 


Маңызды саяси шарада өз таңдауын жасаған паралимпиадашылар спортта ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!