Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтаудың үздік жастары анықталады

|
03.11.2025 11:21
Ақтаудың үздік жастары анықталады

Ақтауда “Жас қыран-2025” қалалық жастар сыйлығы байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Қала жастарына арналған «Жас қыран-2025» байқауына құжаттар қабылдау 3–14 қараша аралығында жүргізіледі.


“Бұл сыйлық – өз ісінде үздік шыққан, қоғам өміріне белсене араласып жүрген талантты жастарды қолдау мен олардың еңбегін насихаттауға бағытталған беделді жоба”,- делінген әкімдік хабарламасында. 


Байқау үздік журналист, үздік мәдениет қызметкері, үздік жұмысшы маман, үздік дәрігер, үздік кәсіпкер, үздік құтқарушы, үздік полиция қызметкері, үздік IT маманы, үздік спортшы, үздік жыл белсендісі атты 10 номинация бойынша өтеді.


Қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 • Өмірбаян

 • Жеке куәліктің көшірмесі

 • Ұсыным хат

 • Жұмыс орнынан анықтама

 • Жетістіктер тізімі (марапаттар, дипломдар, сертификаттар және т.б.)

 • Еркін форматтағы фотосурет

 • БАҚ беттерінде жарияланған материалдар (мақалалар, сұхбаттар, бейнематериалдар және т.б.)


Құжаттар 6 шағынаудан, «Жастар орталығы», 5-кабинетте қабылданады. 


Толығырақ: 52-62-54

97
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!