Ақтаудағы №253 референдум учаскесінде дауыс беру заң талаптарына сай өтіп жатыр
Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында республикалық референдум аясында дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде өтуде. Қала аумағындағы барлық референдум учаскелері штаттық режимде жұмыс жасап, тұрғындар өз таңдауларын белсенді түрде білдіруде.
Соның бірі – №253 референдум учаскесі. Учаскеде референдумды өткізуге барлық қажетті жағдайлар жасалып, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы референдум төрағасы Берді Казиев мәлімдеді.
– Бүгінгі дауыс беру процесі қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылып отыр. Әрбір азамат өз дауысымен елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға үлес қосуда. №253 референдум учаскесінде дауыс беру бейтарап әрі әділ өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Учаске қызметкерлері азаматтарға қажетті техникалық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуде, – деді Берді Казиев.
Сондай-ақ оның айтуынша, дауыс беруге келген азаматтардың сұрақтарына толық жауап беріліп, процесс барысында туындауы мүмкін мәселелерді жедел шешу үшін учаскелік референдум комиссиясының мүшелері белсенді жұмыс жүргізуде.
Жалпы, №253 референдум учаскесінде референдумның ашық, әділ және қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге барлық қажетті шаралар қабылданған. Дауыс беру барысында қоғамдық тәртіп сақталып, азаматтардың құқықтары толық қамтамасыз етілуде.
Айта кетейік, бүгін қала бойынша дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, тұрғындар учаскелерге келіп, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасауда.