Ақтаудағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі енді басқа мекен-жайға ауыстырылды
Әр апта сайын 26 шағынауданда өткізіліп келген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі енді 36 шағынаудандағы “Көтерме сауда базары” аумағында өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ақтау қаласы әкімдігінің мәліметіне сай, кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 1 қараша күні сағат 09:00-де басталады.
“Жәрмеңкеде өңірдің шаруа қожалықтары ұсынған көкөніс, ет, сүт және өзге де табиғи өнімдер қолжетімді бағамен саудаланатын болады. Жәрмеңкеге «Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау» және 6а автобустары қатынайды”,- делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
26
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев