Димаш Құдайберген Madison Square Garden сахнасында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық әнші атанды

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы аңызға айналған Madison Square Garden сахнасында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық әнші атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Нью-Йорк қаласында Димаш Құдайбергеннің ауқымды концерті өтті. Қазақстаннан шыққан әлемге әйгілі әншіні көрермен толы аренада қарсы алды. Өнер иесі концертін Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен бастады.
Айта кетейік, алты жыл бұрын Димаш АҚШ-тағы алғашқы жеке концертін Barclays Center аренасында өткізіп, сол кезде де залды лық толтырған еді.
Сонымен қатар Димаш Құдайберген жақында өзінің жаңа халықаралық музыкалық реалити-шоу Voice Beyond Horizon жобасын аяқтады. Бұл жоба Қытайдың Hunan Broadcasting System медиа холдингімен бірлесіп жүзеге асты.
Бұл мен үшін ерекше әрі символдық сәт. Себебі тура он жыл бұрын Hunan TV арнасындағы Singer жобасы менің халықаралық сахнаға шығуыма жол ашты. Енді жаңа жобаның атқарушы продюсері әрі идея авторы болу – үлкен мәртебе. 22 күн ішінде түсірілім тобы Қазақстанды аралап, ежелгі Түркістанды, Маңғыстау мен Каспийдің көркін, шуақты Алматыны және заманауи Астананы көрсетті. Бұл бейнелер үлкен музыкалық сапардың бір бөлігіне айналды. Алдағы уақытта бұл шоуды Hunan TV, Mango TV және «Қазақстан» телеарналарынан көруге болады, – деп жазды Димаш Құдайберген.
141

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев