Otpan News Logo

«Ұлттық қор - балаларға»: 2025 жылға арналған төлемдер қашан түседі?

|
09.01.2026 10:54
«Ұлттық қор - балаларға»: 2025 жылға арналған төлемдер қашан түседі?
mugalzhar.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған қаражаттың қашан түсетінін айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


БЖЗҚ мәліметінше, заңнамаға сәйкес биыл 1 ақпаннан кешіктірілмей қаражат аударылады.


«2008 жылы туған азаматтардың шоттарына мақсатты жинақтарды аудару 2026 жылғы 1 ақпанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл қаражатты мақсатты түрде пайдалана алады», - делінген хабарламада.


Қор мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын балаларға (2025 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына енгізілген және олар бағдарламаның қатысушылары.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!