Otpan News Logo

Ақтаудағы НЗМ түлегі Оксфорд университетінің оқытушысы атанды

|
06.01.2026 11:42
Ақтаудағы НЗМ түлегі Оксфорд университетінің оқытушысы атанды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова ғылым жолында тағы бір жетістікке жетті. Ол әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі - Оксфорд университетіне Teaching Fellow (оқытушы-зерттеуші) қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Меруерт 2019 жылы НЗМ-ді тәмамдап, кейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде білім алды. Университетте белсенді болып, студенттік ассамблеяның президенті қызметін атқарды. 2025 жылы Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданды. 


Жас ғалым Меруерт Бижанованың айтуынша, Teaching Fellow лауазымына тағайындалуы - оның жүйелі еңбегінің жоғары бағалануы әрі университет тарапынан көрсетілген сенімнің көрінісі. Енді ол өз ғылыми зерттеулерін жалғастырып қана қоймай, Оксфорд университетінің оқытушылар құрамында болып дәріс оқиды, білім мен ғылым саласындағы тәжірибесін жастарға ұсынады.

95
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!