Otpan News Logo

Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлағандарға 24,2 млн теңге сыйақы берілді

|
08.01.2026 11:02
Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлағандарға 24,2 млн теңге сыйақы берілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды otpannews.kz cайты. 


2025 жылы 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.


“Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты. Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды”,- деп бөлісті ҰҚК баспасөз қызметі. 


Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілген.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!