Сенат депутаттары Мұнайлыда әлеуметтік маңызы бар нысандармен танысты
Мұнайлы ауданына Парламент Сенатына Маңғыстау облысынан сайланған депутаттар Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Сапар аясында сенаторлар Мұнайлы аудандық мәслихат депутаттарымен, Қоғамдық кеңес мүшелері және кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесуде Сенат депутаттар негізгі функциялар, заң шығару қызметі, сондай-ақ қабылданған заңдардың өңірлерде жүзеге асырылу барысы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Жиын сұрақ-жауап форматында өтіп, кәсіпкерлер өздерінің өзекті мәселелері мен ұсыныстарын ортаға салды. Өз кезегінде сенаторлар көтерілген ұсыныстардың назарға алынатынын және оларды заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы шешу жолдары қарастырылатынын атады.
Бұдан бөлек, депутаттар Батыр ауылдық округінде орналасқан ірі қара мал бордақылау бағытындағы екі кооператив - «Аян» және «Асылтас» алаңдарының жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, құрылысы аяқталған ветеринариялық пункт нысанын және кітапханасы бар 200 орындық клубтың құрылыс барысын көрді.