Otpan News Logo

Маңғыстауда пәндік олимпиада қорытындыланып, үздіктер марапатталды

|
09.01.2026 14:17
Маңғыстауда пәндік олимпиада қорытындыланып, үздіктер марапатталды

Бүгін Ақтауда 9-11 сынып оқушыларының арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен облыстық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Облыс бойынша 922 оқушы қатысқан пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 387 оқушы марапатталды. Ал 1-орын иеленіп, наурыз айында өтетін республикалық кезеңге жолдамаға алған оқушылар саны – 59. 


“Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі 6-8 қаңтарда өтті. 15 пән бойынша 922 оқушы бақ сынап, бүгін  оза шапқандар марапатқа ие болуда. Командалық есеп бойынша ең көп алтын жеңіп алған топ – Білім-инновация лицейі, еншісінде – 23 алтын. Ал жалпы медаль саны бойынша 1-орын – Ақтау қаласында”,- деді “Каспий дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары Элеонора Медиева. 


Айта кетейік, Ақтау қаласынан кейін топтық есеп бойынша 2-орын Білім-инновация лицейінде, ал Мұнайлы ауданы үздік үштікті қорытындылады.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!