Otpan News Logo

Былтыр Маңғыстау ауданында 25 кәсіпкер мемлекеттік грант алды

|
09.01.2026 15:39
Былтыр Маңғыстау ауданында 25 кәсіпкер мемлекеттік грант алды

Маңғыстау ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласы тұрақты дамып келеді. Бүгінде ауданда 3 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, олардың басым бөлігі белсенді жұмыс істейді. Бұл ақпаратты Маңғыстау ауданы әкімі Ғалымжан Ниязов айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аудан әкімінің айтуынша, былтыр бірнеше бизнес жоба қаржылай қолдау тауып, жаңа кәсіпті енді бастаған тұрғындар үшін мемлекеттен қайтарымсыз гранттар ұсынылды. Өз идеяларын ұсынып, бәсекеге қабілетті жобаларын дәлелдей алған 25 кәсіпкер мемлекеттік грант иегері атанды.


– Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында шеберлерге арналған кәсіпкерлік үйі ашылып, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін аудан орталығынан жәрмеңке алаңы іске қосылды. Бұл алаңда жергілікті шаруа қожалықтарымен бекітілген меморандум аясында ет, сүт және көкөніс өнімдері сатуда. Бұл бастамалар жергілікті кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өткінін арттырып, нарықтағы бағаны тұрақтандыруға сеп болды,- деді әкім.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!