Otpan News Logo

Бекзат Нұрдәулетов спорт мектебін басқарады

|
08.01.2026 20:30
Бекзат Нұрдәулетов спорт мектебін басқарады

Бекзат Нұрдәулетов Маңғыстау облыстық бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz облыстың спорт басқармасына сілтеме жасап.


Бекзат Нұрдәулетов 1998 жылы 10 сәуірде дүниеге келді. 2015–2019 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алды. 2019–2021 жылдары аталған академияда магистратураны аяқтап, магистр дәрежесін иеленді. Сондай-ақ Yessenov University «Құқықтану» мамандығын аяқтады.


«Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-да бокстан нұсқаушы-спортшы қызметін атқарды.


Ол 2019 жыл бокстан Әлем чемпионы, 2021 жыл Олимпиада ойындарының қатысушысы болды, 2024 жыл Азия чемпионы атанса, 2025 жыл Әлем кубогының чемпионы болды.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!