Otpan News Logo

Маңғыстау ауданында туризмді дамытуға бағытталған жобалар қарқын алды

|
09.01.2026 14:58
Маңғыстау ауданында туризмді дамытуға бағытталған жобалар қарқын алды

Маңғыстауда ауданында туризм саласын инфрақұрылыммен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифигте аудан әкімі Ғалымжан Ниязов мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде «Айрақты» туристік нысанына дейін 10,2 шақырым электр, газ және су тартуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жеңімпазы анықталса, «Шерқала» бағытына 2 шақырым желі тарту бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды.



– Алдағы уақытта Самал, Торыш және Тұзбайыр туристік аймақтарына да инфрақұрылым жеткізу үшін жобалық құжаттар әзірлеу жоспарланған. Бұдан бөлек, «Бесшоқы» балалар лагеріне 4 шақырым электр және газ желісін тарту жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Инфрақұрылымнан бөлек, байланыс сапасын жақсарту мақсатында «Шерқала», «Айрақты», «Ақмыш», «Самал», «Тұзбайыр», «Торыш» елді мекендерінде антенна-діңгек құрылысын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр,- деді Ғалымжан Ниязов.

93
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!