Басқұдықтағы атыс: қару қолданған үш күдікті ұсталды
Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында 9 қаңтар күні кешкі уақытта оқ атылды. Қару қолданған үш адамды полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Otpannews.kz тілшісінің сенімді дереккөзінің мәліметінше, резеңке оқ бір адамның саусағына тиген. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқиға болған аумақтағы жол уақытша жабылып, полиция күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Оқиғаға қатысы бар үш азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адам шығыны жоқ, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев