Otpan News Logo

ҰБТ-ға қатысуға 239 мыңнан астам үміткер тіркелді

|
26.05.2026 11:52
ҰБТ-ға қатысуға 239 мыңнан астам үміткер тіркелді

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі кезекті оқу жылын тұрақты режимде аяқтап, еліміз бойынша ең маңызды науқан – Ұлттық бірыңғай тестілеуді бастап кетті. Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқу жылының қорытындылары мен емтиханның өткізілу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Министрдің мәлімдеуінше, қазіргі таңда мемлекеттің басты мақсаты – жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етумен қатар, ел экономикасы мен технологиялық трансформация қажеттіліктеріне нысаналы түрде жауап бере алатын білікті кадрларды даярлау.


«Биылғы жылы мектеп қабырғасын 215 мыңға жуық оқушы бітіріп шығады. Ал ҰБТ-ға қатысу үшін тіркелгендердің жалпы саны 239 мыңнан асып жығылды. Үміткерлердің басым бөлігін, яғни 200 мыңға жуығын биылғы жылдың түлектері құраса, қалған бөлігі – өткен жылдарғы мектеп бітірушілер мен колледж түлектері. Ауқымды сынақты жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында барлық мемлекеттік органдардың жұмысы үйлестірілген»,- деді министр. 


Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде жергілікті әкімдіктердің, құқық қорғау құрылымдарының, жоғары оқу орындары мен білім басқармаларының қатысуымен арнайы мемлекеттік комиссиялар құрылды.


Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Талапкерлер үшін маңыздысы – ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Түлектерге тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі беріледі және олар өздерінің ең үздік нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады. Сонымен қатар емтихан аяқталғаннан кейін қатысушыларға тек дұрыс немесе бұрыс жауаптардың тізімі ғана емес, олардың білім деңгейін анықтауға көмектесетін нәтижелердің толық әрі терең талдауы ұсынылады.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!