Резервтік қызмет – ел қауіпсіздігінің тірегі
Еліміздің Қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында резервтік әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл – Отан алдындағы жауапкершілікті сезінетін азаматтар үшін ел қауіпсіздігіне өз үлесін қосудың маңызды мүмкіндігі.
Резервтік қызметтің негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар мен ерекше кезеңдерде Қарулы Күштердің даярлығын күшейту. Резерв құрамындағы азаматтар бейбіт уақытта өздерінің негізгі жұмысын жалғастыра отырып, әскери дайындықтан өтіп, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады.
Резервтік қызметке денсаулық жағдайы жарамды, әскери есепте тұрған азаматтар қабылданады. Кеілісшарт негізінде қызмет атқаратын азаматтарға заңнамаға сәйкес ай сайын ақшалай төлемдер қарастырылған.
Бүгінде резервтік қызмет – патриоттық рухты нығайтып, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың таңдауы болып отыр. Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы.
Резервтік контрактінрің артықшылықтары:
- Азаматтық жұмысты жалғастыра отырып әскери қызмет атқару мүмкіндігі;
- Ай сайын 85 000 мың теңге көлемінде базалық лауазымдық жалақы алу;
- Әскери дайындықтан өтіп, кәсіби тәжірибе жинақтау;
- Отан алдындағы борышын орындауға үлес қосу;
- Төтенше жағдайлар кезінде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;
- Әскери тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру;
- Патриоттық рухты нығайту;
- Мемлекет тарапынан заң аясында әлеуметтік қолдау алу;
- Болашақта әскери салада қызметін жалғастыруға мүмкіндік алу.
Резервтік әскери қызметке қабылдау талаптары:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу;
- Қатардағы және сержанттық құрам үшін жас шегі – 47 жасқа дейін;
- Офицерлік құрам үшін жас шегі – 57 жасқа дейін;
- Соттылығы болмауы;
- Әскери есепте тұруы;
- Денсаулық жағдайының әскери қызметке жарамды болуы;
- Психологиялық және дене даярлығынан өтуі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісімшарт талаптарын орындауы;
- Әскери қызмет өткеруге ерікті түрде келісім беруі.
Толық ақпарат аул үшін Мұнайлы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне немесе төмендегі байланыс нөмеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
Байланыс телефоны: 8 (705) 289 06 90
Мекен – жайы: Маңғыстау-3, 24 квартал,27 участок