Otpan News Logo

Маңғыстау өңірі пойыз арқылы баратын танымал бағыттар қатарына енді

|
25.05.2026 15:44
Маңғыстау өңірі пойыз арқылы баратын танымал бағыттар қатарына енді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жазғы маусымдағы танымал теміржол бағыттарын атады. Олардың қатарына Маңғыстау өңірі де еніп отыр, деп хабарлайды otpannews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жазғы маусымда жолаушылар арасында Алакөл және Балқаш көлдеріне, Каспий теңізі жағалауына, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Бурабай курорттық аймағының бағыттары дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып отыр.


Бұл ретте Маңғыстауға дейін пойыздар 7 маршрут бойынша жүреді. Жазда жолаушылар ағыны орта есеппен 155 мың адамға жетеді.


Ең сұранысқа ие курорттық бағыт Алакөл көлінің жағалауы болып қалып отыр. Курорттық аймаққа Астана, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарынан 15 маршрут бойынша пойыздар қатынайды. 10 маршрутқа «Жолаушылар тасымалы» АҚ, тағы 2-іне жеке тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға 230 мыңға жуық орын ұсынады. Алакөлге дейінгі барлық пойыз вагондары ауа баптағыштармен жабдықталған. 


Балқаш көліне пойыздар 8 маршрут бойынша жүреді. Жазғы кезеңде осы бағыт бойынша жолаушылар ағыны орта есеппен 45 мың адамды құрайды. 


Бурабай курорттық аймағына дейін 16 маршрут бойынша пойыздар қозғалысы ұйымдастырылды. Жазда бұл бағыттағы жолаушылар саны орта есеппен 65 мыңға жетеді.


Түркістанға 16 маршрут бойынша пойыздар қатынайды. Мұндай жазғы маусымда жолаушылар ағыны шамамен 60 мыңнан асады.

 

Сарыағашқа 5 пойыз қатынайды. Жазғы кезеңде жолаушылар ағыны 9,5 мыңға жуықтайды. Теміржол маршруттарының ең көп саны Астанаға тиесілі - 36. Оларды ай сайын орта есеппен 130 мыңға жуық жолаушы пайдаланады.


Жалпы еліміз бойынша, Алматыға дейін 26, Шымкентке дейін 18 маршрут қатынайды. Сонымен бірге, жаз айларында пойызбен  4,2 млн-нан астам жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр. 

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!