Маңғыстау облысында құрбандыққа мал сою орындары анықталды
Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті биылғы Құрбан айт мерекесіне орай облыс аумағында санитарлық талаптарға сай белгіленген ресми мал сою орындарының тізімін жариялады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен тазалықты сақтау мақсатында ұсынылған мекенжайлар бекітілді. Ақтау қаласында құрбандық шалуға арналған 3 негізгі нүкте жұмыс істейді:
1. «Мөлдір мен Әмірхан» ЖШС — №2 Өндірістік аймақ, 37 аумақ;
2. «БерекетПлюс» ЖШС — №2 Өндірістік аймақ, 68/3 ғимарат;
3. «Елнар» мал сою пункті — 29а шағын аудан, 119 аумақ.
Мұнайлы ауданы бойынша тұрғындар үшін 3 орын белгіленген:
1. *«Төрт ағайын» — Маңғыстау ауылы, №6 Өндірістік аймақ, 32 аумақ;
2. «Дәулет» — Маңғыстау ауылы, №6 Өндірістік аймақ, 67 аумақ;
3. «Соғым» — Баянды ауылы, №1 Өндірістік аймақ, 82 аумақ.
Бейнеу өңірінде 1 ресми кооператив қызмет көрсетеді. Ол – «Бейнеу ауыл шаруашылық кооперативі» АӨК** өндірістік кооперативі — №1 Аймақ, 147 аумақ.
Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты аумақтарда 6 арнайы нысан ұйымдастырылған:
1. ИП «Мауленбаев» мал сою нысаны — Жаңаөзен, Оңтүстік-шығыс, №3 Өндірістік аймақ;
2. «Бағдат» — Жаңаөзен, №6 Өндірістік аймақ, 3 құрылыс;
3. «Бисенова» — Жаңаөзен, Өндірістік аймақ;
4. «Сенек» ЖШС — Жаңаөзен, Мерей шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі, 130 «Б»;
5. «Көркем Әлем» — Жаңаөзен, №3 Өндірістік аймақ, 29А құрылыс;
6. ИП «Бисенова Г.Н.» — Жаңаөзен, Өндірістік аймақ.