Otpan News Logo

Маңғыстау дзюдошылары маусым айында екі маңызды турнирге қатысады

|
25.05.2026 10:40
Маңғыстау дзюдошылары маусым айында екі маңызды турнирге қатысады

Дзюдодан маңғыстаулық спортшылар маусым айында екі халықаралық турнирде бақ сынайды, деп хабарлайды Otpannews.kz.


ҚР ерлер ұлттық құрамасында өнер көрсететін Асқар Нарқұлов 19-21 маусым күндері Моңғолияда өтетін Grand Slam турнирінде 81 келі салмақта белдеседі. Сонымен қатар, Меруерт Сәрсенова (52 кг) 26-28 маусым күндері Қытайдың Циндао қаласында өтетін Qingdao Grand Prix турнирінде татамиге шығады.


Маңғыстаулық қос дзюдошы өткен жылы Семей қаласында өткен ел чемпионатында топ жарған болатын.


Айта кетейік, Циндао Гран-приінде Елдос Сметов те бақ сынайды. Париж Олимпиадасының чемпионы 2024 жылдың шілде айынан бері алғаш рет жарысқа қатыспақ.


Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы:


Ерлер:

60 кг: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин

66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин

81 кг: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов

90 кг: Нұржан Бисенов, Айбол Нысанәлі

100 кг: Марат Байқамуров


Әйелдер:

48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева

52 кг: Аружан Ережепова

57 кг: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет

63 кг: Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова

78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова


Сондайй-ақ, Циндао Гран-при турнирінде Қазақстан атынан 21 балуан бақ сынайды.


Ерлер:

60 кг: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев

73 кг: Бақытжан Әбдірахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан

81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

90 кг: Айдар Арапов, Даниил Крылов

100 кг: Асқар Біржанов, Бақжан Байтас


Әйелдер:

48 кг: Абиба Әбужақынова

52 кг: Меруерт Сәрсенова

57 кг: Бақыт Құсақбаева

63 кг: Эсмигүл Қуюлова

70 кг: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова

78 кг: Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова.

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!