Маңғыстауда "Tetis" ауыз суының өндіріс көлемі артады
Маңғыстауда 2016 жылдан бері өндіріліп келе жатқан “Тетис” ауыз суы - өңірдегі табиғи жер асты минералды суларының бірі. Таза әрі табиғи құрамымен ерекшеленетін су арнайы сүзгіден өткізіліп, заманауи технология арқылы құтыға құйылады. Биыл Тетис ауыз суына өндірушілер жаңа дем беріп, салтанатты түрде ашылуын жасады. Қонақтарға ауыз судың сапасы мен қалай өндірілетіні көрсетілді, деп хабарлайды otpannews.kz.
"Біздің алғашқы өніміміз өндірістік мекемелерге таратылды. Қазіргі таңда өнімнің көлемін арттырып, Маңғыстау тұрғындарына ұсынғымыз келеді. Себебі сапалы "Tetis" ауыз суы әрбір тұрғынның үйінде болуы керек деп ойлаймыз. Таза ауыз су тікелей құдықтан алынып, тазаланады. Сондай ақ бойындағы бар пайдалы элементтері сақталады", - деді "Tetis" су зауытының директоры Роза Бітімова.
Өндірушілер табиғи судың құрамын сақтай отырып, сапалы өнім ұсынуды басты мақсат санайды. Өндіріс орнында судың сапасы тұрақты бақылауда. Сапалы өнім - дені сау ұрпақтың кепілі.
"Тетис су зауыты ашылғалы бері осында жұмыс істеймін. Мен судың сапасын әрдайым бақылауды ұстап отырамын. Себебі біз үшін ең бастысы өнімнің сапасы. Таза ауыз су тікелей құдықтан алынып, тазаланады. Осы процесс барысында бойындағы бар пайдалы элементтері сақталады. Яғни өлі су емес, өте жұмсақ, әрі таза. 2018 жылы Қазақстан бойынша үздік товар сайысына қатысып, 3-орынды жеңіп алдық. Онда еліміздегі ең ірі компаниялар қатысты. Біз үшін бұл үлкен жетістік. Судың көлемі жарты, 1, 1,5,5 және 19 литр болып шығады", - деді "Tetis" су зауытының технологі Елена Мухина.
Айта кетейік, өндірушілер алдағы уақытта ауыз сумен қатар, тәтті шай мен шырындар шығарып, маңғыстаулықтарға ұсынуды жоспарлап отыр.
Жергілікті брендке айналған табиғи өнімнің әрбір тамшысы аймақ тұрғындарының игілігіне қызмет ете бермек.