Otpan News Logo

Маңғыстауда құрбандыққа шалынатын малдың бағасы қанша тұрады?

Маңғыстауда құрбандыққа шалынатын малдың бағасы қанша тұрады?

Құрбан айттың басталуына санаулы күндер қалса да, саудагерлер малдың бағасы тұрақталып халыққа қолжетімді болса екен дейді. Себебі, биыл карантин болып, Ақтөбе мен Оралдан келетін малдың саны азайып, келген малдың бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Саудагерлердің айтуынша, жол шығыны мен жем-шөптің бағасы, әрі ет бағасының өсуі мал құнына тікелей әсер еткен, деп хабарлайды otpannews.kz.


"Биыл карантин болғаны белгілі. Ақтөбе, Атырау, Оралдан келетін малдардың бағасы осы себепті қымбаттап отыр. Былтыр малдың бағасы 100 мыңнан аспаса, биыл семіз қойдың бағасы 150 мыңға дейін барып отыр. Тоқтылардың бағасы 60 мыңнан басталады. Базарда малды қасапшылар сойып, терісін сыпырып, ішек-қарынды тазалап береді",- деді саудагер Нұрым Кадырчаев.


Малдың бағасы жыл сайын қымбаттамаса, арзандамайтыны белгілі. Соған қарамастан құрбан шалатындар қатары жыл сайын көп болады. Саудагерлер құрбандыққа мал шаламын деген адам 100 мыңды қалтасына ойланбай салып алып келуі керек дейді. 


Базардың тағы бір тиімді тұсы тұрғындар малды сатып алып қана қоймай, оны бірден сойғызып алуына болады. Қасапшылар малды бауыздап, терісін сыпырып, бас-сирағын үйітіп, ішек-қарынына дейін мұқият тазалап береді. Құны 4-5 мыңның шамасы.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!