Otpan News Logo

Көкшетауда өткен халықаралық жарыста маңғыстаулықтар жеңіске жетті

|
22.05.2026 14:47
Көкшетауда өткен халықаралық жарыста маңғыстаулықтар жеңіске жетті

21 мамыр күні Көкшетауда «DOSTI SKILLS Kokshetau – 2026» салалық чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Әлем елдерінің үздік мамандары қатысқан додада маңғыстаулықтар топ жарды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Маңғыстау облыстық білім басқармасының мәліметіне сай, «Электроника», «Мобильді робототехника», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану» және «Прототиптеу» бағыттары бойынша ұйымдастырылған халықаралық додаға Австрия, Сауд Арабиясы, Жапония секілді елдердің үздік мамандары қатысты.


Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен Маңғыстау энергетикалық колледжінің 10 студенті әрқайсысы 4 құзыреттілік бойынша сынға түсті. 


«Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару (БПЛА)» құзыреттілігі бойынша 14 қатысушының ішінен Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенті Атапкелұлы Алмат 1-орын иеленіп, алтын медаль иеленді. 


Ал «Мобильді робототехника» бағыты бойынша Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студеттері Тоқаев Әділет пен Жайлыхан Нұрдәулет командалық есепте ІІ орынға ие болды.


«Электроника» құзыреттілік бойынша Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенті Зайров Ыбырай 12 команда арасынан топ жарып, қола медаль мен арнайы дипломмен марапатталды.


«Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару (БПЛА)» құзыреттілігі бойынша Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Сиренко Федор қола медаль иегері атанды. 


«Прототиптеу» бағыты бойынша Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенті Умиров Дәулет «Үздік маман» медальонын жеңіп алды.

78
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!