Otpan News Logo

Елімізде түлектер саны бойынша 25 жылдық рекорд тіркелді

|
25.05.2026 14:32
Елімізде түлектер саны бойынша 25 жылдық рекорд тіркелді
МО әкімдігі

Қазақстанда түлектер саны бойынша 25 жылдық рекорд тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылы мектепті 3,9 миллионнан астам оқушы тәмамдаған. Бұл жайт соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отырған көрінеді.


Оқушылардың ең көп бөлігі Түркістан облысы, Алматы облысы және Алматы қаласында білім алып жатыр. Бюро түлектерге статистика саласына қатысты мамандықтарға назар аударуға кеңес берді.


«Бүгінде статистика және деректерді талдау саласына қатысты мамандықтар еңбек нарығында аса сұранысқа ие болып отыр. Бұл сала мамандарын еліміздің жетекші жоғары оқу орындары даярлайды, ал Бюро Қазақстан университеттерімен белсенді түрде ынтымақтастық орнатуда. Қазіргі таңда білікті мамандар даярлау мақсатында 16 ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Егер түлектердің біреуі әлі де болашақ мамандығын таңдап жүрсе, статистика және деректерді талдау саласына назар аударуды ұсынамыз», - деді Ұлттық статистика бюросы. 
62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!