Otpan News Logo

Маңғыстаулық азаматтар ерекше бүлдіршіндерге мерекелік қуаныш сыйлады

Маңғыстаулық азаматтар ерекше бүлдіршіндерге мерекелік қуаныш сыйлады

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Маңғыстау өңірінде «Ай-шуақ» қорының бастамасымен ерекше балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.


Ықылас пен мейірімге толы бастама аясында №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 19 тәрбиеленушісі «My KiDS» ойын-сауық орталығына қонаққа барды.


Мерекелік іс-шара барысында балалар уақытты өте көңілді әрі қызықты өткізді. Олар үшін арнайы бағдарлама әзірленіп, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар балалармен бірге түрлі ойын ойнады. Кейін бүлдіршіндерге дәмді тағамдар мен тәттілерден ақ дастархан жайылды. Сондай-ақ әр балаға ерекше көңіл бөлініп, олардың жас ерекшеліктеріне сай арнайы сыйлықтар табысталды.


«Балалардың шынайы күлкісі мен қуанышы - біз үшін атқарылған жұмыстың нағыз жемісті нәтижесі. Балаларға арналған осындай мерекелік бағдарламалар қоғамда жиі ұйымдастырылып тұруы тиіс», - деді ұйымдастырушылар.


Балаларға арналған мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Қанат Мангубаев, Манарбек Бисекенов және өңірдегі спорт саласының белсенді азаматтарына ұйымдастырушылар мен орталық ұжымы алғысын білдірді.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!