Otpan News Logo

Ақтауда 4 мыңға жуық түлек мектеппен қоштасты

|
25.05.2026 15:26
Ақтауда 4 мыңға жуық түлек мектеппен қоштасты

25 мамырда Әбілқайыр Байпақов №18 жалпы білім беретін мектепте оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Otpannews.kz.


Қала әкімі ұстаздарды, ата-аналарды және түлектерді маңызды әрі айтулы оқиғамен құттықтап, жастарға сәттілік, өз күшіне сенім және жарқын болашақ тіледі.


«Биыл Ақтау қаласындағы №18 мектепті 67 түлек тәмамдап отыр. Алпыс жеті үміт - бұл алпыс жеті отбасының асыл арманы. Құрметті түлектер, ақ жол тілеймін! Өз күш-қуаттарыңыз бен алған білімдеріңізді еліміздің дамуы мен өркендеуіне жұмсайсыздар деп сенемін. Сіздерге ұстаздарыңыз сапалы білім мен саналы тәрбие берді. Ендігі міндет - сол сенім мен ата-аналарыңыздың үмітін ақтау. Білімді, кәсіби білікті әрі еліне адал Қазақстан азаматы болыңыздар, - деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.


2025-2026 оқу жылында Ақтауда шамамен 71 мың оқушы оқу жылын аяқтап отыр. Оның ішінде 3804-і - мектеп түлектері.


Биыл 264 оқушы үздік аттестатқа үміткер болса, 96 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер атанып отыр.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!