Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Бағдаршам мен аспалы көпір»: Әбілқайыр Байпақов Ақтаудағы қажеттіліктер туралы айтты

Жанкелді Қаржан
|
19.09.2025 11:51
«Бағдаршам мен аспалы көпір»: Әбілқайыр Байпақов Ақтаудағы қажеттіліктер туралы айтты
Фото: Бауыржан Ниязқұлов

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қызметіне кіріскеніне бір жыл толуына орай жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Журналистермен еркін форматта өткен кездесуде шаһар басшысына қала ішіндегі жолдардың кейбір тұсына жаңадан бағдаршам орнату жайы қозғалды. Қала әкімінің сөзінше, аталған мәселені шешуді әкімдік тиісті сараптамадан кейін ғана қолға алмақ.

 

«Ақтауда қай жерге бағдаршам орнату, қандай интервал болуы керек деген мәселе бойынша өзінің нақты есебі бар. Бұны өзінше бір ғылым деуге болады. Сондықтан мәселені Ақтау бойынша жолаушылар тасымалдау бөлімі халықтан түскен өтініш бойынша бірден орната алмайды. Себебі, бағдаршам орнату үшін мамандармен кеңесіп, жол полициясының пікіріне жүгінеміз. Қандай аралықтағы бағдаршамдар артық немесе жаңадан орнату керек? Оны мамандардың сараптауынан кейін іске асыру керек. Тұрғындармен кездесуде «жолға жасанды кедергі орнату немесе мына жерге бағдаршам қажет» деген ұсыныстарды айтып жатады», - деді қала әкімі.

 

Сондай-ақ, Әбілқайыр Байпақовтың қаперіне салынған мәселені бірі – қала ішінде жаяу жүргіншілер үшін аспалы көпір орнату жайы болды.

 

«Ертеректе Ақтаудағы 4, 7-ші шағын аудандарда аспалы көпірдің бірнешеуі болғаны рас. Алда тұрғындар көп жүретін жерлерге аспалы көпір орнату жоспарда бар. Бірақ бұл жобаларды іске асыру өте қымбатқа түседі. Сондықтан, бұны тексеріп, саралап көру керек. Қаланың көркіне сай келетін жобаларды қарайтын боламыз», - деді Әбілқайыр Байпақов. 
61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!