Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда алғаш рет «TurkicSkills-2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

Нұргүл Алясова
|
19.09.2025 10:35
Ақтауда алғаш рет «TurkicSkills-2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

Ақтауда алғаш рет 4-10 қазан күндері «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «TurkicSkills-2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Басты мақсат - жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, түркітілдес елдер жастары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, аймақтың кадрлық әлеуетін нығайту, сондай-ақ Қазақстанның кәсіби шеберлік орталығы ретіндегі халықаралық имиджін қалыптастыру.


Чемпионатқа 7 елден, оның ішінде Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстаннан 70-ке жуық жас маман мен 90-ға жуық сарапшы қатысады.


Шараның ашылу салтанаты 5 қазан күні Rixos Water World Aktau қонақ үйінде өтеді. Ал 6-8 қазан күндері жастар IT-шешімдер, веб-технологиялар, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиялары, аспаздық іс, электрмонтаж жұмыстары және еңбек нарығында сұранысқа ие 10 құзыреттілік бойынша кәсіби шеберліктерін сынға салады. 


9 қазан күні чемпионат қорытындыланып, жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі өтеді.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!