Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен»: Отпантауда мәдени іс-шара өтті

Жанкелді Қаржан
|
19.09.2025 10:01
«Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен»: Отпантауда мәдени іс-шара өтті
otpannews.kz

Маңғыстау ауданының Қызан ауылының өнерпаздары Отпантауда «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» атауымен концерт өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Дәстүрлі мәдени іс-шараны «Отпан» мәдени-қоғамдық қоры мен Қызан ауылының әкімдігі, мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырып отыр. Аудан бойынша ауылдар арасында жыл сайын өткізетін мәдени жобағы өткен жылы Қызан ауылы қабылдаған болатын. Соның аясында ауыл өнерпаздары «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» деген атаумен тарих мен мәдени құндылықтарын дәріптеуді мақсатында қорытындылап отыр.

 

Мерекелік жиынға Қызан ауылы әкімдігінің қызметкерлері, ауыл өнерпаздары мен қолөнер шеберлері, сондай-ақ аты аңызға айналған «Адайдың жеті қайқысының» ұрпақтары мен туыстары қатысты. Кештің басты мақсаты – өңірге тән әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді ұлықтап, халқымыздың мақтанышы саналатын атақты әнші, күйші, сазгерлердің бай мұрасын насихаттау болды. Сонымен қатар ауыл өнерпаздарының шығармашылығын, қолөнер шеберлерінің туындыларын, еңбек адамдарының жетістіктерін көпшілікке таныстыру да көзделді.

 

Осыған орай Отпантаудағы «Қарашаңырақ» залында ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар назарына ұсынылды. Сондай-ақ ауыл тұрғындары «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніндегі аспан асты ескерткіштері мен музей экспозициясымен танысты.

 

Кештің шымылдығын ауыл ақсақалдары Жеткіншек Әуелбаев пен Хами Молдаев ашып, жиналған жұртшылыққа игі тілектерін арнап, шараның маңызын атап өтті. Рухани кеште ауылдың өнерпаздары Жантөре Бақтөреев, Жомарт Айдарбек, Ақбота Иван, Әсима Қойлыбаева, сондай-ақ көпшілікке танымал «Сәулебаевтар жанұялық ансамблі» мен «Жауқазын» би ұжымы өз өнерлерімен әрлеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Мәдени кешке ауыл ақсақалдары мен еңбек ардагерлері де арнайы қатысып, жас буынға үлгі боларлық қолдау көрсетті. Бұл ауыл ұжымының ұйымшылдығы мен ортақ іске деген жауапкершілігін айқын танытты.

Шара соңында «Отпан» МКҚК директоры Ж.Кетеева Қызан ауылы әкімдігі мен мәдениет үйінің ұжымына ризашылығын білдіріп, Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

 

«Бүгінгі іс-шара Отпантауда үлкен дайындықпен ұйымдастырылды. Қызан ауылының өнерпаздарына шын жүректен алғыс айтамын. Жобаны жауапкершілікпен атқарып, жоғары деңгейде іс-шараны атқарғаны үшін ризашылығымды білдеремін. Мәдени дүниеге жауапкершілікпен ат салысу – бұл руханиятқа қосылған зор үлес болды деуге болады. Жастардан бастап, ауыл үлкендеріне дейін белсенділікпен қатысып, өнер көрсеткені баршамызға естен кетпес әсер сыйлады», деді «Отпан» МКҚК директоры Ж.Кетеева.

 

Дәстүрге айналған мәдени эстафета әрі қарай жалғасып, кезекті рет Маңғыстау ауданының Оңды ауылының мәдениет үйіне табысталды.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!